Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, видео екі жыл бұрын түсірілген.
Қаскөйдің кім екендігі анықталды. Ол бұрын сотталған Невель ауданындағы Леоново елді мекенінің тұрғыны 1997 жылы туған бүгінде Невельде тұратын Сергей Репов болып шықты.
С. Репов жазбаша берілген түсініктемесінде Мәметова ескерткішінің маңынан өтіп бара жатып өзінің досы Илья Кубановтан суретке түсіруді сұраған. Ол болса роликті «Вконтактедегі» өз парақшасына салған.
Бұл факті тіркелген және Ресей ІІМ МБ «Невельский» учаскелік полициясының қарауында.
Еске сала кетсек, Интернетте Псков облысындағы Невель қаласында екі жасөспірімнің Мәншүк Мәмеованың ескерткішін қорғағаны жайлы видео тарап кеткен еді. Жасөспірімдердің бірі фотоға түсу үшін ескерткішке шыққан, ал екіншісі бұл жағдайды видеоға түсірген.