Манюэль Вальс Францияның жаңа премьері болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін ішкі істер министрлігін басқарған Манюэль Вальс Францияның жаңа премьері болып тағайындалды.

Бұл туралы кеше, 31 наурызда президент Франсуа Олланд мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Мен Манюэль Вальс үкіметіне сенім артуға шешім қабылдадым»,- деп мәлімдеді телеарна арқылы берілген жолдауында Олланд.