«Биыл 1 шілдеден бастап орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, сұранысы бар кәсіптердің тізбесі бекітіліп, нақты жұмыс басталды. Енді осы тізімдегі мамандығы бар шетелдіктер елімізде тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін жеңілдетілген тәртіппен өтініш бере алады. Сондай-ақ, рұқсат берудің жаңа қағидалары қабылданды. Оның басты жаңалығы – енді бір рұқсатнамамен бірнеше өңірде жұмыс істеуге болады», - деді Т. Дүйсенова.
Оның айтуынша, биыл шет елдік мамандардың квотасы 22 мың санымен бекітілді.
«Рұқсатнамалар берудің негізгі шартына тоқталсақ, мұндай мамандар еліміздің еңбек нарығында болмаған кезде рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жұмыс орнында қазақстандық мамандардың үлесі 95 пайыздан төмен болмауы қажет», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға негізінен қай елдің азаматтары қоныс аударып жатқаны анықталды.