Маори тайпасының хака халық биі YouTube сайтында интернет хитына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы Аалия есімді маори тайпасының қызы мен ақ нәсілді күйеу жігіт Бенджамин Армстронгтың үйлену тойында қонақтар ұлттық хака биін биледі, бұл YouTube сайтында 13 миллионнан астам көрілім жинап, интернет-хитына айналды, деп хабарлады Лента.ру.

Той салтанаты Окленд қаласында өтті. Би жас жұбайлар үшін тосын сыйлық болды. 21 жастағы Аалия мен 24 жастағы Бен де бишілерге қосылып кетті, ал қалыңдық қуаныштан көзіне жас алды.

Жаңазеланзиялық байырғы маори халқының дәстүрлі биі осы елдің регбишілерінің орындауында әлемге танымал. Би топпен орындалады, онда айқайлау да, жер тепкілеу де, жауынгерлік айқай-сүрең де бар. Би регбишілердің рухын көтереді әрі қарсылас команданың берекесін қашырып, психологиялық шабуыл ретінде қолданылады. Дегенмен хака мерекелерде де, сондай-ақ қымбатты қонақтар үшін де орындалады.

Бұл арада жас жұбайлардың көңілін көтеру үшін ұйымдастырылғаны анық. Бейнежазбаны мына жерден көре аласыздар: