деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Марадонаның айтуынша, Құдай оны ылғи да жебеп келген. Аргентина құрамасының бас жаттықтырушысы Жаратқан Ие оған бұл жолы да оң көзімен қарайды деп сенеді.
Әлем чемпионаты-2010-ның іріктеу турнирінің аяқталуына екі тур қалған кезде оңтүстікамерикандық топтағы Аргентина құрамасы бесінші орында келеді. Әлем чемпионатына тікелей төрт команда ілігеді, ал бесінші орынды иеленген команда Солтүстік Америка, Орталық Америка немесе Кариб алабы елдерінің командаларымен кездесу өткізеді.
16 матчта Аргентина құрамасы 22 ұпай жинады. Эквадорда - 23, Чилиде - 27, Парагвайда - 30, Бразилияда - 33 ұпай бар. Парагвайлықтар мен бразилиялықтар әлем чемпионатының финалдық турниріне қатысуға жолдама алды. Аргентина құрамасын Уругвай (21 ұпай), Венесуэла (21) және Колумбия (20) командалары басып озуы мүмкін.