Аргентинаның аңыз футболшысы Диего Марадона бүгiн Бразилия мен Германия құрамаларының футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуi қарсаңында осындай пiкiр бiлдiрдi.
Оның айтуынша, футболшылар алаңда «жан беруге» даяр екендiктерiн дәлелдеулерi шарт.
«1990 жылы финалдың алдында бiз дисквалификация мен жарақаттар салдарынан негiзгi құрамның 4 ойыншысынан айырылған болатынбыз», - деп келтiредi goal.com Марадонаның сөздерiн. - Дегенмен, ГФР құрамасымен соңына дейiн жұлыстық, өзiмiз үшiн де, шықпай қалған футболшылар үшiн де. Бразилия футболшылары да алаңда «өлсе де, тiрiлсе де» нағыз шайқаста берiлмеулерi шарт».
Айта кетейiк, бұл кездесуге бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва (дисквалификация) мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар (жарақат) алаңға шыға алмайды.