«Динамо-Брест» футбол клубымен үш жылға келісімшартқа қол қойған Диего Армандо Марадона клуб басқармасының төрағасы лауазымында қызмет ететін болады.
Ол клубтың стратегиялық дамуы мәселесімен шұғылданады, сондай-ақ «Динамо-Брест балалар академиясын қоса алғанда оның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасайды,
57 жастағы Марадона Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатынан соң іске кіріседі.