Марадона ФИФА президенті орынтағынан үмітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы, атақты Диего Марадона Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президентінің орынтағына дауысқа түсуге ниетті.

Бұл туралы уругвайлық журналист Виктор Моралеске сілтеме жасап жергілікті Ahora басылымы хабарлады.

«Диего ФИФА-да өзгеріс болғанын қалайды, сондықтан да президенттік сайлауға қатысуға ниет білдіріп отыр. Ол ФИФА айналасында туындаған дау-дамайңға араласпай, керісінше күрескенді жөн санады. Оның беделі жоғары», - деді Моралес.

ФИФА президентінің жаңа сайлауы алдын ала 2015 жылғы 16 желтоқсанға жоспарланған.