Марадона: Маған Роналдуға үздік ойыншы жүлдесін табыс ету ауыр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы Диего Марадона мәлім еткендей, оған ФИФА тұжырымы бойынша жылдың үздік ойыншысы марапатын португалдық Криштиану Роналдуға табыс ету қиын болған, деп хабарлайды «Советский спорт».

«Мен оған ғаламшарымыздың үздік ойыншысы трофейін табыс еттім, маған ауыр тиді. Мен оның орнында Леоны көргім келген. Салтанатты рәсімнен кейін онымен сөйлестік. Біздің қарым-қатынасымыз жақсы. Бірақ, мен Мессиді қатты жақсы көремін және ол да мені», - деп мәлімдеді Марадона.