Азия кардиологтар институтының докторы Сантош Кумардың айтуынша, жүгіру денсаулыққа жақсы әсер етіп, жүрек жұмысын бір қалыпты ұстайды. Холестеринді азайтып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар күйзелістен арылтады.
«Дегенмен, марафонға қатысып топпен жүгіру адамға кері әсерін де тигізуі мүмкін. Бұл әр адамның денсаулығына байланысты. Марафонға қатыспас бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралып алу керек»,- дейді ол.
Ғалымдардың айтуынша, жүгіру денсаулыққа жақсы әсер еткенімен, марафонның орны бөлек. Оған жатықтырушымен арнайы дайындалу керек.