Маралдыдағы атыс: Министр Тұрғымбаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Павлодар облысының Маралды ауылындағы атыстың мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол жақтағы көл инвесторға жалғаберілген. Инвестор аталған көлдің табиғи байлығын бағып, балығын аулауменайналысады. Мәселе - санкцияланбаған балық аулау жағдайлары мен арнайышаяндардың аулануында. Бірақ, бұл шаяндардың аулануы бойынша арнайы квота бар.Квотадан асырып, шаянды аулауға болмайды. Сол себепті, бұл шаяндарды аулаубойынша браконьерлік әрекет болмау үшін квота белгіленген. Бірақ, жергіліктітұрғындар шаянды квотасыз аулағандықтан, аталған кәсіпкер арнайы күзет қызметінжалдаған. Мұның бәрі айналып келіп, жергілікті тұрғындар мен күзетқызметкерлері арасында төбелеспен аяқталып, БАҚ-та көргеніңіздей жанжал болып, травматикалыққару қолданылған», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердіңсұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, осыжанжалдың салдарынан бес адам ауруханаға түскен.

«Бір жақсысы, ешкім ауыр жарақаталмапты. Қазіргі таңда ол жерде полицияның күшейтілген наряды жұмыс істеуде.Кеше сондай-ақ, күзет қызметкерлерінің ұрланған көлігі де табылды. Екіқылмыстық іс қозғалды. Жағдай бақылауда. Жедел тергеу амалдары басталып, оқиғаорнына облыстық Полиция департаментінің бастығы шықты. Толыққанды ақпараттытүстен кейін ол БАҚ-қа береді», - деді ол.

Ішкі істер министрінің айтуынақарағанда, облыс аумағындағы көлшіктердің барлығы бойынша квотаны жергіліктіатқарушы орган береді.

«Жанжал не үшін тіркелді? Бәрінанықтаймыз», - деді сөз соңында министр.

Айта кетсек, бұған дейін Павлодароблыстық Полиция департаменті 18 тамызда жергілікті тұрғындар мен күзетагенттігінің қызметкерлері арасында атыс болғанын хабарлаған болатын. Әу бастакүзет қызметкерлері мотоцикл арқылы екі қап артемия салина шаяндарын әкетіпбара жатқан Маралды ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстап алған. Осыдан кейіноқиға орнына жергілікті тұрғындар келіп, тараптар арасында атыс басталады.

Облыстық департаменттенхабарлағандай, тұрғындардың бірі күзет агенттігінің автокөлігін айдап кеткен.Көлік кейін табылғаны хабарланып отыр. Төбелес кезінде полиция қызметкерлеріаспанға травматикалық қарумен оқ атқаннан кейін жиналғандар тарап кеткен. Солкүні түнде Павлодар қалалық ауруханаға 5 адам түскен.

Видео Pavlodarnews.kz сайтынан


Соңғы жаңалықтар