Маралдыдағы жанжал: Полиция қызметтік тексерудің нәтижесін жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық полиция департаменті Маралды көліндегі жанжалға қатысты қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған департаментке сілтеме жасап.

«Тексерунәтижесінде 2019 жылдың 18 тамызында абонент Артур Данояннан «102» операторының пультына 2 қоңыраудың түскендігі анықталды. Біріншіқоңырау сағат 20-55-те түскен. Ол кезде абонент Маралды көліне Романовка ауылыжағынан полиция жіберуді өтінген. Бұған қоса, базадағы нақтыланған жазбағасәйкес 102 операторы бірінші қоңыраудыңүшінші секундынан кейін телефон тұтқасын көтеріп, шақыруды қабыл алған. Бұл фактібірден департамент басшылығыныңбақылауына алынды. Оқиға орыналған жерге Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарыбасқарған шұғыл әрекет ету арнайы тобын жіберуге нұсқау берді»,- деп атап өтеді ведомстводан.

Департамент мәліметінше, екінші қоңырау сағат 21-12-де қабылданған.Аталған абоненттен мұнан өзгеқоңыраулар келіп түспеген.

«102» нөміріне түсетін барлыққоңыраулар автоматты режимдетіркеліп, жазылып отырады. Бұған қоса, қоңырау келіп түскенге дейінжауапкершілігі шектеулі серіктестік күзетшілерінің хабарласуына байланыстыоқиға орнына көлдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жүзеге асыратын шұғыләрекет ету арнайы тобы мен Шарбақты ауданық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жіберілген болатын», - делінген таратылған ақпартта.

Еске салсақ, бұғандейін Павлодар облыстық Полиция департаменті 18 тамызда жергілікті тұрғындармен күзет агенттігінің қызметкерлері арасында атыс болғанын хабарлаған еді. Әубаста күзет қызметкерлері мотоцикл арқылы екі қап артемия салина шаяндарын әкетіпбара жатқан Маралды ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстап алған. Осыдан кейіноқиға орнына жергілікті тұрғындар келіп, тараптар арасында атыс басталған.Тұрғындардың бірі күзет агенттігінің автокөлігін айдап кеткен. Көлік кейінтабылғаны хабарланып отыр. Төбелес кезінде полиция қызметкерлері аспанғатравматикалық қарумен оқ атқаннан кейін жиналғандар тарап кеткен. Сол күнітүнде Павлодар қалалық ауруханаға 5 адам түскен. Кейін Ішкі істер министріЕрлан Тұрғымбаев Павлодар облысының Маралды ауылындағы атыстың мән-жайын түсіндіріп берді.

«Ол жақтағы көл инвесторға жалға берілген. Инвестор аталғанкөлдің табиғи байлығын бағып, балығын аулаумен айналысады. Мәселе -санкцияланбаған балық аулау жағдайлары мен арнайы шаяндардың аулануында. Бірақ,бұл шаяндардың аулануы бойынша арнайы квота бар. Квотадан асырып, шаяндыаулауға болмайды. Сол себепті, бұл шаяндарды аулау бойынша браконьерлік әрекетболмау үшін квота белгіленген. Бірақ, жергілікті тұрғындар шаянды квотасызаулағандықтан, аталған кәсіпкер арнайы күзет қызметін жалдаған. Мұның бәріайналып келіп, жергілікті тұрғындар мен күзет қызметкерлері арасында төбелеспенаяқталып, БАҚ-та көргеніңіздей жанжал болып, травматикалық қару қолданылған», -деген еді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауапбере отырып.

Соңғы жаңалықтар