Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

– Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.