Марат Башаров Астанада өтетін «Мұздағы хикаялар» шоуын жүргізеді

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Ресейлік танымал әртіс Марат Башаров қала күнін мерекелеу қарсаңында Астанада өтетін Илья Авербухтың «Мұздағы хикаялар» шоуын жүргізеді.

Аталмыш шоу Игорь Крутойдың «Мұздағы хикаялар» атты әуенінің сүйемелдеуімен өтеді.

Марат Башаров қазақстандық көрермендерге атышулы «Сибирский цирюльник», «Ворошиловский стрелок», «Граница. Таежный роман», «Турецкий гамбит» және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал. Ол сондай-ақ «Мұз айдыны» шоуының тұрақты жүргізушісі ретінде қалың қауымға таныс.