Марат Бекетаев ҚР Әділет министрлігін басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Марат Бекетаевты ҚР Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«М.Б. Бекетаевты Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.


Қазақстан Республикасының

            Президенті      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек

                        № 331