Қазақконцерт залында 10 мамырда өтетін мəдени шараға Алматы симфониялық оркестрі қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, скрипка концертінің бірінші бөлімінде лирикалық туындылар, ал екінші бөлімінде оркестрге арналған динамикалық күрделі шығармалар ойналады.
Камиль Сен-Санс музыкасының білгірі Эмиль Бауман айтқандай, "оркестрдің үндестігі ғажап. Концерт финалы күрделі əрі көпқырлы".
Сондай-ақ, атақты "Өлім биі" ойналады. Екінші бөлім атақты композитор Лерой Андерсонға арналмақ.