«Астана» командасымен бірге «Тур де Франс» кезеңінде болғаныма қуаныштымын. Жуырда Каннда ойнағанмын. Онда олимпиада чемпионы Александр Винокуровты жолықтырып, ол мені «Тур де Франс» жарысына шақырды. Бұл менің арманым болатын. Оның орындалғанына ризамын» - деді Марат Бисенғалиев.
«Астана» командасы Мараттың өнеріне тәнті және біз мұндай қонаққа разымыз!» - деп атап өтті Александр Винокуров.