Елорданың ресми сайтының жазуынша, шығармашылық кеш бағдарламасында Марат Бисенғалиевтің Қазақстанның шетелдегі имиджін қалыптасыруға сіңірген еңбегі - Еуропа мен Американың ең үздік залдарында орындалған туындылары жұртшылық назарына ұсынылмақ.
Марат Бисенғалиевтің таяудағы жоспары - елордалық көрермендер алдында Еуропаға сапар концерті келісімшарты мен «Дойче Граммафон» үшін жазбасы бар жаңадан құрылған Алматы Симфониялық оркестрінің тұсауын кесу.
Марат Бисенғалиев -қазақстандық асқан шебер скрипкашы және танымал дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры.
Ол 1980 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, мұнан соң П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында оқыды. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. 1990 жылдары Англияда тұрды. Осы уақыттан бастап, белсенді концерт берумен айналысты. 1996 жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті оның халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Оның шетелдік гастрольдерінің ауқымы кең.