АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футболшылар Марат Быстров және Рамазан Каримов биыл елордалық «Астана» сапында ойын көрсетеді. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Марат Быстров 1992 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2020-2023 жылдарда Ресейдің «Ахмат» клубында 80-нен астам кездесуге қатысты. Қазақстандық қорғаушымен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды.
Ал «Астана» клубының түлегі Рамазан Каримовпен келісімшарт 2024 жылғы футбол маусымының соңына дейін жарамды.
1999 жылы Астана қаласында дүниеге келген ол қазақстандық «Астана», «Каспий», «Мақтарал» клубтарында ойнады.
Рамазан соңғы екі маусымды «Мақтаарал» сапында өткізіп, 19 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Еске слсақ, бұдан бұрын «Астана» ганалық футболшы Осей Барнсты қатарына қосты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.