ОРАЛ. KAZINFORM – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Марат Төлеғалиұлы Молдашев БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
БҚО әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, Марат Төлеғалиұлы 1964 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары ҚР ІІМ БҚО ІІД органдарында, БҚО бойынша салық инспекциясының заң кеңесшісі, БҚО бойынша салық комитеті құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заң бөлімінің бастығы, БҚО коммуналдық меншік басқармасы жекешелендіру бөлімінің бастығы, БҚО ауруханасы әкімшілік-басқару персоналының заңгері, “Уральсктехсервис” ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ Зеленов ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Зеленов ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, Ақжайық ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы болды,
Оған қоса Бөрлі мен Тасқала ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, тағайындауға дейін “Уралводпроект” ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).