«Інім Азамат Омаровтың әні. «Аяма» деп аталады. Махаббатыңды аяма деген мағынада. Ініме әкемнен дарыған өнер болса керек, ән жазып жүр», - деп қуанды ол. Зарина Омарова қыз қазір тұрмыста. Екі перзенттің анасы. «Енді еш алаңсыз шығармашылықпен ғана айналысамын»,- дейді. Түсірген бейнеклипін күзге қарай көрермендерге тарту етпек.
11:03, 18 Тамыз 2015
Марат Омаровтың қызы сегіз жылдан кейін сахнаға оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сазгер, әнші Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова араға сегіз жыл салып, үлкен сахнаға қайта оралды. Бірақ, бұл жолы әкесінің емес, інісінің әніне клип түсірді. Ән «Аяма» деп аталады, деп жазады baistars.kz.