Марат Сафин St.Petersburg Open турнирінен кейін өз мансабын аяқтайды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазанның 25-і мен қарашаның 1-і аралығында Санкт-Петерборда өтетін XV St.Petersburg Open халықаралық теннис турнирі танымал ресейлік теннисші Марат Сафиннің мансабындағы соңғы жарыс болмақ.

 
Спортшы  осы   турнирден кейін өзінің    теннисші мансабын  аяқтайтынын мәлім етті.

 Марат  Сафин  - St. Petersburg Open    турнирінің  екі  дүркін   жеңімпазы  (2000, 2001 жылдардағы).   Өз мансабында   ол  барлығы   15  турнирде  жеңіп    шыққан,  бірақ  ең соңғы жеңісі   2005 жылы  Австралия    ашық  чемпионатында болған.