«Біз министрден бастап, министрлік басшылығы өз еркімізбен екпе салдыруға барамыз. Қазіргі кезде біздің бас санитарлық дәрігеріміз Ерлан Қиясов мырза және Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ханым бүгін Sputnik V вакцинасын салдыруға дайын. Жеке өзім қазақстандық вакцинаны таңдап отырмын. Бұл вакцина қолжетімді болған сәтте, алғашқылардың бірі болып осы екпені аламын», - деп жауап берді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін вице-министр коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның қандай жағдайда салынбайтынын айтқан еді.
Вакциналау туралы толық ақпаратты агенттіктің арнайы айдарынан оқуға болады.