Марат Сұлтанғазиевтің кандидатурасын 188 мәслихат депутатының 129-ы қолдаған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қонаев қаласына барып, Алматы облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Алматы облысының әкімі лауазымына Батыржан Байжұманов пен Марат Сұлтанғазиевтің кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 188 депутаттың 129-ы Марат Сұлтанғазиевтің кандидатурасына, 59 депутат Батыржан Байжұмановқа дауыс берді.