Бұл туралы бейсенбі күні брифинг барысында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй мәлімдеді.
Қытайлық дипломаттың айтуынша, кездесуде аймақтық қауіпсіздік саласындағы мәселелер, сондай-ақ ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздік бойынша ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланады.
Қазақстандық тараптан кездесуге Президент көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.