Марат Тәжин ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің басшысымен келіссөз жүргізеді

None
БЕЙЖІҢ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде ҚР Қауіпсіздің Кеңесінің хатшысы - Президенттің көмекшісі Марат Тәжиннің ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздігінің министрі  Мэн Цзянчжумен кездесуі өтеді.

Бұл туралы сейсенбі, 10 сәуірде өткен баспасөз конференциясының барысында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Лю Вэйминь мәлім етті.

 Қытайлық дипломаттың сөзіне қарағанда, Қытай  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының кездесуін алғаш рет ұйымдастырып отыр.  Кездесуде өңірлік қауіпсіздік саласындағы мәселелер, сонымен қатар ШЫҰ аясында қауіпсіздік мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланып, алда болатын ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшылары саммиттіне дайындық жұмыстары талқыланатын болады.

Қытай тарапы бұл кездесудің ШЫҰ аясында қауіпсіздік саласында өзара іс-әрекеттің одан әрі сәтті жоспарлауына септігін тигізетіндігіне сенім артады. Сонымен қатар кездесу киберқылмыс пен трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және есірткі трафигімен күресуде жаңа консенсус табуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Бейжіңде 11-12 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер Қауіпсіздік кеңес хатшыларының VII кездесуі өтеді.