Марганец ұнтағын жеп қойған 3 жасар бала ауыр жағдайда облыстық медициналық орталыққа жеткізілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік -Бақылаусыз қалып, марганец ұнтағын жеп қойған 3 жасар қызылордалық ер бала ауыр жағдайда облыстық медициналық орталыққа жеткізіліп, әупіріммен аман қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қалалық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сақтағанованың айтуынша, апта ішінде барлығы 2146 шақырту түскен. 443 адам ауруханаға жеткізілген. Науқастардың басым бөлігі бұрынғысынша жүрек-қан тамырлары сырқатына шалдыққандар.