Маргарэт Тэтчер 85 жасқа келді

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Әлемдік саясаттағы танымал әйелдердің бірі Маргарэт Тэтчер 85 жасқа келді.

Ол британ тарихындағы жалғыз әйел премьер-министр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Маргарэт Тэтчер өзі жетекшілік ететін консеративтік партияны үш сайлауда жеңіске алып келген және британ үкіметін 11 жылдан астам уақыт басқарған. 1980 жылдар Британияда өз бойына классикалық либералдық құндылықтарды сіңірген «тэтчеризм» белгісімен өтті, дейді сарапшылар.

1992 жылы Патшайым Елизавета ІІ М.Тэтчерге дворяндық атақ пен баронесса мәртебесін берді.