Маргарет Тэтчерді жерлеу қымбатқа түсті

None
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - 17 сәуір күні британиялық саясаткер Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсімі болып өткен еді.

 Британиялық басылымдар оған кеткен жалпы шығын 15 миллион долларға жетіп жығылады деп бағалап отыр. Ал мемлекеттік бюджетке түсірген салмағы - 5,6 млн доллардың айналасында. 765 мың доллар көлеміндегі ақша жерлеу рәсіміне шақыру қа­ғаздарына, қасиетті Павл шіркеуіндегі ұйым­дас­тыру шараларына және қонақтарды қарсы алуға жұмсалды. Ал Букингемск сарайының айналасын күзетуге шыққан полицейлер мен жол қатынасын реттеуші полицейлерге 1,6 млн доллардай төленді. Аталған рәсімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 4 000-ға жуық тәртіп сақшысы көшеге шықты. Бұл шығынға Тэтчердің туған-туыстары өз қалталарынан қосқан қаржы көлемі қосылмады. Себебі олар қан­ша көлемде қаржы қосқандарын айтудан бас тарт­қан. The Daily Telegraph басылымының есебінше, «Те­мір ханымды» жерлеуге кеткен қаржыны бри­та­ния­­лықтардың жан басына бөлсек, бар бол­ғаны то­ғыз центтен келіп отыр, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.