Маргарет Тэтчердің үйі 35 млн. фунт стерлингке сатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер саяси мансабын аяқтағаннан кейін лондондық Белгравия ауданында тұрған үйі 35 млн. фунт стерлингке (59,5 млн. доллар) сатылмақ.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Бұл нысанның қазіргі иелері ауқымды жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін, ғимарат шамамен бір жылдан кейін нарыққа шығарылады. Осы жеке үйдің жалпы ауданы 650 шаршы метрден асады.

Тэтчер бұл үйге 1990 жылдың күзінде қоныстанып, төрт қабатты осы нысанда ол 2012 жылдың аяғына дейін тұрды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер 87 жасқа қараған шағында дүниеден озды.