Маргарита Мұқашева - Универсиада чемпионы
22:59, 09 Шілде 2013
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мұқашева Қазандағы Универсиадада 800 метр қашықтыққа жүгіруден алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды sports.kz.
Ол ресейлік Екатерина Купина мен Литва өкілі Эгле Балчунайтенің алдын орап кетті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ел қоржынына алғашқы алтынды зілтемірші Фархад Харки салған болатын.