Марғауларын браконьерлерден қорғамақ болған қар барысы оларды жеп қойды
11:28, 25 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар қабыланының ұрғашысы Вита мен оның екі марғауы Алтай Республикасындағы браконьерлік ілмектің құрбанына айналды, деп баяндады РИА Новости агенттігіне Алтай қорығының қызметкері, Сібір және Ресейде ілбіс бойынша сарапшы Сергей Спицын.
«Марғаулардың жасы алты ай ғана болған. Жан түршігерлік жағдай оларды суретке түсіргеннен кейін орын алған, алайда біз бұл туралы енді ғана біліп отырмыз: оның марғаулары кабаргаға орнатылған ілмекке түсіп қалды. Анасы оларды шығармақ еді, бірақ күйзеліс жағдайына түскендіктен балаларын жеп қойды. Одан кейін сол ілмекке өзі түсіп өлді», - деп баяндады Спицын.
Оның айтуынша, Алтай қорығының қызметкерлері браконьерлер орнатқан ілмектерді үнемі алып тастап отырады, бірақ барлығын қадағалау мүмкін емес болып отыр.
Вита алғаш рет 2011 жылы Аргут аңғарында суретке түсірілген. Ол өз есімін Алтайдағы ілбіс мониторингінің қаза тапқан қатысушысы Виктор Самойловтың құрметіне алды.