Марғұлан Бектұрғанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды
13:50, 25 Ақпан 2011
ТАРАЗ. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Марғұлан Бектұрғанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
М.Бектұрғанов 1969 жылы дүниеге келген, Алматы қаласының тумасы, ұлты қазақ, жоғары заң білімі бар.
Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ Ғылыми зерттеу институтының Алматы қаласындағы сот сараптамаларының зертханашысы болып бастаған, курьер, Алматы қаласы аудандық халықтық соттарының сот орындаушысы болып қызмет істеген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының төрағасы, Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.
2011 жылғы 16 ақпан күнгі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.