Марғұлан Кәрібеков Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Бұл лауазымында ол өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестиция мәселелеріне жетекшілік етеді.
Осы лауазымды атқарған Әнуар Ахметжанов биліктің орталық органына ауысты. Ол ҚР Президенті Әкімшілігінде штаттағы инспектор болып істейді.
1964 жылы туған. Тау-кен инженері, экономист, менеджер мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Қарағанды политехникалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ, ҚР Президенті жанындағы РМҚА-ны тәмамдады.
Еңбек жолын 1986 жылы шахтыда тау-кен шебері болып бастады. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2004-2006 жылдары ҚР ИСМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Карағанды облысы бойынша басқармасын басқарды.
Қазыбек би ауданының әкімі болды. ҚР ТМРА Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымын атқарды.
2008-2013 жылдары ҚР қоршаған ортаны қорғау және сыртқы істер министрліктерінің кәсіпорындары мен ұйымдарында басшылық қызметтерде болды.
2014 жылдан «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, 2015 жылдан осы басқарманың төрағасы болған.