Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдаған облыстың құрметті азаматы әрі «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері маңызды құжаттың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатынын жеткізді.
«Елбасы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса мән беріп, коммуналдық- шаруашылық саласында, отандық өнеркәсіпке қолдау білдіру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жолға қойып, ішкі туризмді дамыту қажеттілігін атап өтті. Тағы айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетіні жайлы айтылды. Сондай-ақ, Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл қуантарлық жайт. Алдағы уақытта медицина саласы дами түсетіні айдан анық»,- дейді жазушы Мархабат Байғұт .