Мариан Журавлева джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесін алды

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Никита Басов

63 келідегі Мариан Журавлева қола медаль үшін белдесуде Иордания спортшысы Майя Ишакатпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев (85 келі), Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және Сейілхан Болатбек (77 келі), Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде еншілеген еді.