Мариана шұңғымасын зерттеген ғалымдар одан темір қалбыр тапты
08:15, 29 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең терең жер Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасын зерттеген ғалымдар одан қоқыс және консерві қалбырын тапты, деп хабарлайды National Geographic.
Сыраның темір қалбыры 3 780 метр тереңнен табылса, консерв қалбыры 4 947 метрде жатыр.
Олардың барлығы осы жерге мұхит ағысымен әлемнің әр түкпірінен келген. Ғалымдар экологияның күтіп, қоқысты қайта өңдейтін жерлерге тапсыру қажеттігін ескертеді.