Марин Ле Пен Францияда ЕО-дан шығу жөнінде референдум өткізуге шақырды
12:23, 24 Маусым 2016
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Француздың «Ұлттық майдан» әсіре оңшыл партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен халықтың басым бөлігі елдің Еуропалық одақтан шығуына дауыс берген Ұлыбританиядағы референдумның нәтижесін құптады және осындай референдумды Францияда және ЕО-ның басқа елдерінде де өткізуге шақырды.
Бұл туралы саясаткер өзінің Twitter-дегі микроблогына жазды: «Еркіндік жеңісі! Жылдар бойы қалағаным да осы. Енді осындай референдум Франция мен ЕО елдерінде өтсе деймін».