Кездесу барысында астаналық клуб ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Команда капитаны Марин Томасовтың белсенділігі байқалып тұрды. 37 жастағы хорватиялық футболшы қарсылас клубтың қорғаушыларын жиі мазалады.
Ол алдымен 13-минутта есеп ашса, одан кейін 45, 63-минутта мергендік танытты. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ бүгін «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен тас-талқан етіп жеңсе, «Ұлытау» мен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бірінші кезеңнен кейін «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» ((Петропавл) 0:0 есебімен тең түсіп жатыр.
Үшінші турды «Тобыл» (Қостанай) мен «Елімай» (Семей) командалары түйіндейді.
Аталған турдың алғашқы ойын күні, 29 наурызда «Қайрат» сырт алаңда түркістандық «Тұранды» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2 есебіне қанағат білдірді.