Бұл сынға аттанған қазақстандық спортшылар арасында Олимпиада жүлдегері Марина Вольнова бар, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.
Марина ширек финалдық кездесуде қытайлық Джанг Ронгронгты ұтты - 7:3.
51 келідегі тағы бір боксымыз Рано Фархатова ресейлік Ульяна Кошкарованы жеңіп, жартылай финалға шықты - 13:5.
Ерлер арасында 49 келіде Азат Камзин армениялық Ховханес Даниляннан басым түсті - 16:10.
Ал 69 келідегі Мадияр Ашкеев Арам Амерхаяннан (Ресей) жеңіліп, жарысты аяқтады.