Бұл туралы қорытынды баспасөз мәслихаты барысында Еуроодақ Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мәлім етті.
«Біз барлығымыз Марио Драги мырза банктің алғашқы екі президенті қалыптастырып кеткен дәстүрді жалғастыра отырып ЕОБ басшылығы қызметін ойдағыдай жүзеге асырады дегенге сенімдіміз», - деді Х. Ромпей.
Еуропалық орталық банк 1998 жылы 1 маусымда негізі қаланған. Штаб-пәтері немістің Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан. Оның штатына ЕО мүше барлық мемлекеттердің өкілдері кіреді. Банк Еуроодақтың басқа органдарынан толықтай тәуелсіз.