Отандасымыз «трап» бағдарламасында бойынша сәтті өнер көрсетіп, іріктеуден 4-орынға қол жеткізді. Оның 2 оғы нысанаға тимей қалса да, жалпы есепте 73 ұпай жинады.
Аталған бәсекеге жалпы есебі 30 спортшы қатысты.
Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. Үздік үштікті австралиялық Пенни Смит түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Енді ертең іріктеудің 2-күні.