Мария Мудряк «Астана Опера» сахнасында итальяндық классиканы орындайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - әлемдегі ең жас дипломды опера әншісі Мария Мудряк өзінің танымал әріптестері - тенор Нұрлан Бекмұхамбетовпен және баритон Евгений Чайниковпен, сондай-ақ «Астана Опера» театрының хор әртістермен және симфониялық оркестрдің талантты музыканттармен «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасына шығады.

Дирижер пультінде Эдди де Надали (Италия). "Итальяндық стилдегі» концерт 3 мамырда Италияның Қазақстандағы мәдениет жылы ауқымында өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

«Мен үшін екі ел де өзінше маңызды, Қазақстанда туып-өстім, бұл менің отаным, ал «Италияда әнші болып қалыптастым, менің ұстаздарым тамаша білім беріп қанаттандырды, қазір мен Еуропаның көптеген театрларының сахнасында өнер көрсетіп жүрмін. Қайда болсам да мен Қазақстанның атынан шырқаймын, бәрі де мені қазақстандық деп біледі», - деді Мария Мудряк.