Мария Шарапова - жыл теннисшісі

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - «Үлкен шлем» турнирінің 4  дүркін жеңімпазы Мария Шарапова спорттық марапаттауды табыстаудың 20-шы салтанатында «Жыл теннисшісі» сыйлығына ие болды.

Бұл шараны ESPN медиахолдингі ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы маусымда Шарапова Франция чемпионатында жеңімпаз атанды, сондай-ақ Лондондағы Олимпиада-2012 ашылу салтанатында Ресейдің туын алып жүру құрметіне ие болды.