Мария Жагорқызының бейіті «Қасиетті жерлер» картасына енді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мария Рекина бейіті Ақмола облысының «Қасиетті жерлер» картасына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мария Рекинаның бейіті Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылына 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақтың Дүйсен есімді жігітіне ғашық болған орыс қызының тарихы сақталып қалған. Бірақ жастардың бақытына әдет-ғұрыптар кедергі болады. Бірде Марияны көрші ауылдан келген құдалар күтіп отырады. Бұл шешімді қабылдауға шамасы болмаған қыз далаға қашып кетеді. Аңызға сүйенсек, осы уақытта ғашығына арнаған «Дудар-ай» әні дүниеге келген. Көп кешікпей Дудар оның соңынан барады. Олар көп қиыншылық көреді, өзеннің жағасында тұрады, жағалаудағы қамыстарды баспана етеді. Бұған Дүйсеннің ата-анасы төзбей, жастарды үйге қайтарып, тойларын жасайды. Дегенмен бұл бақыттары да ұзаққа бармаған. Үйлену тойынан кейін Дүйсен патша әскері қатарына шақырылады. Сол жақта өкпе ауруына шалдығып, қайтыс болады. Ал оның жесірі, небәрі, 18 жаста ғана еді. Кейін Мария тұрмысқа шығып, дүниеге төрт бала әкеледі. Күйеуі жақсы кісі болады. Мариям жүрегінің түкпірінде Дүйсен жайлы естеліктерін сақтап, күйеуіне сыйластық көрсеткен.

Мария Егоровна Рекина 1899 жылы дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылында өткізген. Ұлы Отан соғысы жылдарында М.Рекина өз өлеңдерін майданға аттанып жатқан жерлестеріне арнаған. Оған «Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағы берілді. «Дудар-ай» өлеңі әртүрлі ұлттардың махаббатына, жылылығына және достық рухына толы.