Марк Дакаскос Өскеменде түскен суреттерін әлеуметтік желіге салды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі актер Марк Дакаскос Инстаграмдағы парақшасына Қазақстанға сапармен барғандағы суреттерін салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстаннан сәлем. Бұрын Қазақстанда бірнеше рет болғанмын, бұл елді  және халқын жақсы көремін. Өскеменге алғаш келіп тұрмын, сол үшін секіріп алуым керек болды», деп жазды танымал актер Инстаграмдағы парақшасында.
 

Сонымен бірге ол хэштегке ризашылық, мәдениет, тарих, достық деген сөздерді белгіледі.

Тағы бір суретіне ол «Алоха! (Гавай сөзі, сәлем, хош келдің, сау бол дегенді білдіреді немесе қуаныш және бейбітшілікті тілейтін мағына береді -  авт.) Бір ғана ғимаратқа апаратын бірнеше есік... бейбіт, меймандос және шабыт сыйлайтын Қазақстан, Өскемен», деген жазба қалдырған.
 

Марк Дакаскос шаңғы теуіп жүрген сәтінің суретін де жариялады.

«Мен Алматы деп аталатын қысқы ертегі әлемінде жүрмін...» деп жазған ол оған Қазақстан, қарды жақсы көремін деп хэштег қосты.
 

Голивудтың әйгілі фильмдерінде бас рөлдерді сомдаған Марк Дакаскос «Көшпенділер» фильмінде де ойнаған.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің шақыруымен Өскеменге Голливуд актерлері Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос және Эрик Робертс келген болатын.
 

Әлемдік деңгейдегі актерлер Шығыс Қазақстан туралы деректі фильмге түспек.

Соңғы жаңалықтар