Марк Ротконың картинасы Нью-Йоркте 46,5 миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марк Ротконың «Ақ және көгілдір» картинасы Нью-Йорктегі Sothbey's аукционында $46,5 млн-ға сатылды, деп хабарлады америкалық БАҚ.

Бұл кеште қазіргі заманғы өнер туындысын сату бойынша бірнеше рекорд орнатылды. Соның ішінде Зигмар Полькенің "Джунгли" картинасы $27,3 млн-ға өтті. Бұл алғашқы қойылған бағадан үш есе артық.

Америкалық суретші Кристофер Вулдың шығармасы да $12 млн. орнына $29,93 млн.-ға сатылды.

Жалпы Christie's аукционы $705,9 млн. жиды, деп атап өтті Financial Times.