Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы және «Қазавиаорманқорғау» мекемелерінен шамамен 70 адам мен 8 техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметінің екі тікұшағы жұмылдырылған.
Өртті сөндірудің қиындығы таулы, жетуі қиын жерлерге байланысты. ТЖМ тікұшақтарымен 9 рет су төгілді.
Жағдай жұмылдырылған қызметтердің бақылауында.
Айта кетелік Қарағанды облысында бір тәулікте 280 гектар аумақтағы 4 табиғи өрт сөндірілді.