Марқакөлдің маралдары фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында фототұзақ маралдарды табиғи мекенінде тіркеді.

Фото: видеодан алынған скрин

Камераға түскен кадрлар қорықтағы жабайы табиғаттың күнделікті тіршілігінен бір көрініс ұсынады. Адам араласуынсыз жүргізілетін мұндай бақылау жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.

Маралдар — Марқакөл табиғатының ажырамас бөлігі. Ал фототұзақтағы әрбір жаңа кадр қорықтың адам көзіне жиі көріне бермейтін тіршілігін жақынырақ тануға мүмкіндік береді.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа сілеусін түскенін жазған едік.

Қарқаралыдағы фототұзаққа қасқырлар түсіп қалды.