Пилоттық жобаға электронды сауда алаңдарында сауда жасайтын және оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады.
Пилоттық жобаға қатысудың артықшылықтары:
- кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;
- салықтық тексерулердің азаюы;
- ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме;
- қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем
Жеке кәсіпкер пилоттық жобаға қатысу үшін өздері жұмыс істейтін маркетплейсте өтініш беру керек.
Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасы туралы ақпаратты 1414/3 нөмірі арқылы ала аласыз.